Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда жолаушы қоғамдық көліктің терезесін кірпішпен ұрып сындырды

Павлодарда жолаушы қоғамдық көліктің терезесін кірпішпен ұрып сындырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 маусым сағат 12.40-та Павлодар полициясының кезекшілік бөліміне Товарная көшесінде бойындағы қоғамдық көлік жүргізушісінен қоңырау түсті.

– 61 жастағы жүргізуші біраз уақыт бұрын жолаушымен жанжал болғанын айтты. Содан кейін жолаушы жүргізушіні қорлай бастаған, ал кейін соңғы аялдамаға дейін жетіп, көшеге шығып, қолына кірпіш алып, алдыңғы әйнегіне лақтырған, содан кейін екінші кірпішті алып, бүйір терезесін ұрып сындырды, – деп хабарлады Павлодар қаласы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Каптаев.

Бұл факті бойынша полиция 29 жастағы жолаушыны анықтады. Оған қатысты полиция ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғады. Шешім қабылдау үшін материал Павлодар қаласының әкімшілік сотына жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру