Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да ҚАЖ қызметкерлері 30 түп ағаш отырғызды

СҚО-да ҚАЖ қызметкерлері 30 түп ағаш отырғызды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО бойынша ҚАЖ департаменті ЕС-164/3 мекемесінің қызметкерлерімен жүзеге асырылып жатқан көгалдандыру жұмыстарының маңыздылығын сезіне отырып, ағаш отырғызу акциясына қатысты. Қазақстан полициясының 30 жылдығын мерекелеуге орай 30 қылқан жапырақты ағаш отырғызу туралы шешім қабылданды.

Қызметкерлер мекеменің іргелес аумағына 20 ағаш отырғызды, ал 10 көшет – Балалар үйінің ауласына отырғызылды. Осылайша, ата-аналық жылудан айырылған балаларға жылу мен қамқорлық көрсетілді.

Мекеме қызметкерлері жаңа көшеттерден басқа, бұрын отырғызылған ағаштарды суарды. Бұған дейін балалар үйінің аумағында қызметкерлердің күшімен аумақты жинау, ағаштарды ақтау, шөпті жинау, күркелерді сырлау бойынша сенбілік өткізілді. Балалар үйінің әкімшілігі СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесінің басшылығы мен жеке құрамына алғыс хат жолдап, ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру