Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстаулық еріктілер есірткі сайттарын жарнамалайтын граффити жазуларды өшірді

26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Маңғыстау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері үйлер мен ғимараттардың қабырғаларындағы есірткі сататын сайттарды жарнамалайтын граффити жазуларды жою бойынша іс-шара өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шараға ПД кинологиялық қызмет орталығының арнайы иттермен жұмыс жасайтын қызметкерлері және Маңғыстау облысының Жастар ресурсы орталығының еріктілері қатысты.

Рейд барысында қала бойынша сатуға тыйым салынған жарнамасы бар 87-ге жуық жазба жойылды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1-бабының 1-бөлігіне (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) бойынша үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады делінген.

Іс-шараның мақсаты – облыс тұрғындары мен жастардың арасында нашақорлықтың алдын алу.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру