Германиядан көлік алып беремін деп Жамбыл тұрғынын алдаған алаяқ ұсталды
Германиядан көлік алып беремін деп Жамбыл тұрғынын 7,5 млн теңгеге алдаған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Меркі аудандық полиция бөліміне Аққайнар ауылының 44 жастағы тұрғыны арызданды. Ол өз шағымында Германия мемлекетінде жүрген 32 жастағы танысының MINI Cooper жеңіл автокөлігін қолжетімді бағада жеткізіп беремін деп жалпы құны 7,5 млн теңге қаражатын алаяқтық жолмен иемденіп алғанын, сондай-ақ көлікті әкелмегенін, не қаражатын қайтармағанын көрсетті.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Меркі ауылының 32 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол өз кінәсән толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.