Павлодар полицейлері жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерді анықтады
Павлодар полицейлері жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері кезекті рейд барысында көлік құралдарын тұраққа қою ережелерін бұзу фактілерін анықтады. Полиция бөліміне Н.Назарбаев даңғылындағы аулалардың бірінде балалар алаңында Renault және Tоyota автокөліктерінің тұрғаны жайлы шағым түсті. Тәртіп сақшылары көлік иелерін анықтады. Аталған жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Павлодар қаласының патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбековтың пайымдауынша, мұндай заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық әңгіме жүргізілді. Атаулы дерек бойынша тағы да бір заң бұзушылық Ак.Бектұров көшесінде де орын алған. Hyundai көлігінің жүргізушісі ҚР ӘҚБтк-нің 597-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Павлодар облысы Полиция департаментініің хабарлауынша, 2022 жылы көліктерді тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзғаны үшін 2129 тұрғын жауапқа тартылған.