Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан бері пойыздардың шұғыл тежелуінің 20-дан астам фактісі тіркелді

Жыл басынан бері пойыздардың шұғыл тежелуінің 20-дан астам фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаңтар айының бірінші онкүндігінде Көліктегі ПД-да пойыздардың шұғыл тежелуінің 21 фактісі тіркелді, оның ішінде теміржол төсемінде жануарлардың болуына байланысты – 16, адамдардың болуына байланысты – 3, оның ішінде бір адам алған жарақатынан көз жұмды. Бұл туралы департамент бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов хабарлады.

– Өкінішке орай, барлық қабылданған іс-шараларға қарамастан, жыл сайын темір жолдарда және оған жақын орналасқан аумақтарда адамдар жарақат алып, тіпті оның соңы қайғылы жағдайға әкеп соғып жатады. Әдетте, бұл теміржол көлігі нысандарындағы қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін елеп-ескермеуден, яғни азаматтардың арнайы өткелдерді, көпірлерді пайдаланғысы келмеуі, қауіпті аймақта құлаққап киіп жүруі, жол қысқартамыз деп пойыз вагондарының астынан өтуімен байланысты, – деді М.Айтуғанов.

5 қаңтарда Қызылорда облысының Шорнақ – Түркістан аралығында жүк пойызының машинисі темір жолда белгіленбеген жерден өтпекші болған адамды қағып кеткен. Ол ауруханаға жеткізілді, алайда алған жарақаты салдарынан қайтыс болды. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру