Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада бостандыққа шыққан 5 адамға бейімделуге қатысты түсіндіру жұмысы жүргізілді

Қызылордада бостандыққа шыққан бес азаматқа бейімделуге қатысты түсіндіру жұмысы жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қақпа алдында кездесу” әлеуметтік жобасының аясында қылмыстық-атқару саласына қарасты №37 мекемесінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмысқа және тұрмысқа бейімдеуді қолдайды шара өтті. Жобаға жаза мерзімін өтеп шыққан бес азамат қатысты.

Кездесуге жергілікті атқарушы органдардың өкілдері арнайы шақыртылды. Атаулы өкіл бостандыққа шыққалы тұрған азаматтарға босатылғаннан кейінгі міндеттері мен құқықтарын, сондай ақ ішкі істер органдарына, пробация қызметіне тіркелу, Еңбек нарығындағы бейімдеу жұмыстары және ҚР-ның “Халықты еңбекпен қамту туралы” Заңына сәйкес өкілеттік органдардың делдалдығы арқылы азаматтардың жұмыссыздықтан қорғалуына, жұмыс таңдап, орналасуына мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмек пен жәрдемдесу кепілдігі жайлы, “Жұмыспен қамту 2021 жол картасы” бағдарламасы жайлы сөз етілді.

Сондай-ақ жоба аясында сөз етілген азаматтардың денсаулығы, білімі, тұрғылықты жерінің болуы зерделенді. Осы орайда, әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін анықтау үшін мәліметтер жинақталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру