Ғимараттан су жылтқыш құрылғыны қолды қылды
Қызылордалық полицейлер су жылтқышты ұрлаған облыс тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осыдан екі күн бұрын Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне мекеме басшысы ұрлық туралы арызданған. Оның айтуынша, мекеме ғимаратынан ерлер бөлмесіне кіру арқылы су жылтқыш ұрланған.
Департамент қызметкерлерінің жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 31 жастағы облыс орталығының тұрғыны анықталды.
Оған қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Айғақ зат тәркіленді. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға және жеке мүлікті сақтау үшін қажетті шаралар қабылдауға шақырады.