Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Хлор ішіп қойған бала ауруханаға жеткізілді

Ақтөбеде патрульдік полиция қызметкерлері хлор ішіп қойған баланы ауруханаға дейін көлікпен ілестіріп жүрді.

Ақтөбе ЖПБ патрульдік полиция батальонының командирі Ермек Шуканов баланы ауруханаға апаруға көмектесті. Оқиға бүгін түскі уақытта болды. Қызметтік автокөлікті “Опель”көлігінің жүргізушісі басып озып, баланың хлор ішкенін және оны ауруханаға дейін ілестіріп жүруді өтінді.

Патрульдік полиция қызметкерлері бірден машинаға отырып, автокөлікті қалалық балалар клиникалық ауруханасына дейін бірге алып жүрді. Жол бойы полиция қызметкерлері жүргізушілерге зорайтқышпен жол беру үшін беру үшін айқайлады, алайда барлық жүргізушілер бұған назар аудармады.Дегенмен, полиция қызметкерлері 7 минут ішінде көлікті ауруханаға әкеліп, дәрігерлер балаға қажетті көмек көрсете бастады.

Батальон командирі өзінің қарамағындағы қызметкерінің баласына көмек көрсеткен болып шықты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру