Хромтаулық тұрғынның көлігінен пистолет табылды
1-3 маусым аралығында Ақтөбе облысында «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Іс-шараның бірінші күні заңсыз айналымнан сегіз қару анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараның негізгі мақсаты – заңсыз айналымнан атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды алу. «Қару» жедел алдын алу іс-шарасын өткізудің бірінші күні полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан тіркелмеген сегіз дана қару, оның ішінде алты
тегіс ұңғылы қару, екі газды қару, тегіс ұңғылы қару патрондары тәркіленді.
Мәселен, Самара-Шымкент тас жолының 834 шақырымында №1 блок бекетте Ақтөбе қаласынан шыққан жолда полиция қызметкерлері Хромтау қаласының 1993 жылы туған тұрғынын тоқтатқан кезде, жүргізушіден нөмері кесілген травматикалық пистолет анықталды. Сараптама
тағайындалды. Қазіргі таңда, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 2-тармағы бойынша қаруды заңсыз сақтау, алып жүру бойынша сотқа дейінгі
тергеу басталды.