Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жолда жүру ережесін бұзатын жаяу жүргіншілер жауапқа тартылды

Атырау қалалық Полиция басқармасының​ патрульдік полиция қызметкерлері жаяу жүргіншілер тарапынан жол қозғалысы ережесін бұзу фактілерін болдырмау мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Басты мақсаты – жаяу жүргіншілер қатысуымен болатын жол апаттарының алдын алу, – дейді қалалық Полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары Ерлан Бигамбаев.

Талдау көрсеткендей, жол көлік оқиғаларына жаяу жүргіншілердің де қатысы болады.

2 маусым күні патрульдік полицейлер облыс орталығындағы көшелерде арнайы белгі жоқ жерлерден өтіп кетпек болған жаяу жүргіншілерге жақын маңдағы көше қиылысынан, “жаяу жүргінші өткелі” деген жол белгі орнатылған өткелдерден ғана өту керектігін ескертті.

Жыл басталғалы Атырауда полицейлер  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабымен (жаяу жүргіншінің жолда жүру ережесін бұзуы) 2000-нан астам әкімшілік хаттама толтырды.

400-ге жуық көлік жүргізушілері ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабымен (жаяу жүргіншіге жол бермеу) жауапкершілікке тартылып, олардың әрқайсысы 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру