Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада 2 есірткі алқабы анықталды

Биыл 1 маусым – 30 қазан аралығында “Қарасора-2020” кең ауқымды арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші күнінде Қызылорда ОПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жоспарлы жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсірудің екі дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

48 жастағы Қызылорда қаласы, Белкөл кенті тұрғынының үйінің ауласына 12 түп сора және 37 жастағы Қызылорда  қаласы тұрғыны үйінің ауласына төрт түп сора өсіргендігі анықталды.

Күдіктілерге қатысты “өзін дұрыс ұстау және ешқайда кетпеу туралы” қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Бұл деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен (құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп
тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру