Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Иесіз иттерді атқан қарағандылық азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Сәтбаев қаласының тұрғыны көшеде жүрген бес итті атып тастағаны үшін жауапкершілікке тартылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 наурыз күні Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық полиция бөліміне иесіз иттерге қамқорлық жасаумен айналысатын еріктілер тобынан белгісіз біреулердің әртүрлі тұқымдас бес итті атып кеткендігі туралы хабарлама түсті.

Аталған іске қатысты жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 26 жастағы азаматты ұстады. Ұсталған азаматтан қарумен бірге, бірнеше атылған оқ-дәрі тәркіленіп алынды.

Күдіктінің айтуынша, белгісіз біреу одан қоғамға қауіп төндіретін қаңғыбас иттерді атып беруін өтінген. Ұсталған азамат ешкімді құлақтандырмай, аталған өтінішті орындаған.

Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 316-бабының 1-тармағына (Жануарларға қатыгездiк жасау)  сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру