Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда көріпкел алаяқтар құрықталды

Алматы облысының екі тұрғыны өз құрбандарын қала ауруханаларының бірінде кездестірген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– 1990 және 1995 жылы туған азаматшалардың құрығына зейнеткер іліккен. Олар ауруханаға кіреберісте егде жастағы әйелді күтіп тұрған, содан кейін оның сеніміне кіріп, нәтижесінде алдау арқылы оның ақшасы мен бағалы бұйымдарын иемденген. Алаяқтар әжейге оның ақшасы мен алтын бұйымдары дуаланғанын және дуаны алып тастауға көмектесетіндерін айтқан. Дуаны жою үшін қолда бар ақша мен алтын бұйымдарын оларға беру керек екендігіне сендірген. Дуадан қорыққан 72 жастағы әйел алаяқтарға 1 миллион 885 мың теңгені және зергерлік бұйымдарын берген. Тергеу барысында олардың алтын бұйымдарды 270 мың теңгеге сатқаны және қылмыстық жолмен табылған ақшаны өзара теңдей бөлгені анықталды. Күдіктілер ұсталды және қамауға алынды. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Олар өз кінәларын толығымен мойындады, – деді Бостандық аудандық ПБ жанындағы ПБ бастығы Абзал Ибраев.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері осы әйелдердің қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарға мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: 298-52-80, 298-52-81 және 298-52-82.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру