Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда жұмысшылар өздері жұмыс істейтін мекемеге 2 млн теңге шығын келтірген

Теміртау қаласында екі жұмысшы өздері жұмыс істейтін мекемеден құны 2 миллион теңгеге бағаланған металл жабдықтарды ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 наурыз күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына қаладағы мекемелердің бірінен металл бұйымдар ұрланды деген хабарлама түсті. Полиция қызметкерлері цехтан белгісіз біреулердің 15 бронды тақта ұрлағанын анықтады. Келтірілген шығын көлемі екі миллион теңгеден асқан.

Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 31 және 32 жастағы екі азамат ұсталды. Олардың ұрлық болған мекемеде жұмыс істейтіні белгілі болды. Ұсталғандар қылмыстарын мойындады. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру