Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Иесіз қалған мал жол апатына себеп болды

Павлодар облысында автокөліктің жүргізушісі кенеттен жолға шыққан жылқыларды қағып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мал иелерінің өз мүлкіне немқұрайлы қарауы көбінесе қайғылы салдарға әкеледі. Мал жол-көлік оқиғаларының себебі, сондай-ақ зиянкестердің қылмыстық әрекетіне себеп болуы мүмкін.

1 тамыз сағат 00.20-да “Омбы-Майқапшағай” автожолының 537 шақырымында Аққулы ауылының маңында “Митсубиси Каризма” маркалы автокөліктің жүргізушісі кенеттен жолға шыққан жылқыларды қағып кеткен. Көлік салонында екі жолаушы да болды. Адамдар зардап шеккен жоқ.

Полиция қызметкерлері төрт бас жылқыны Аққулы ауданының мал айып тұрағына қамады.

Иесіз жүрген малдың иесі анықталды. Ол шаруа қожалықтары бірінің басшысы. Иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 10 АЕК айыппұл салынды.
Айта кету керек, көлік құралының иесі материалдық шығынды өтеу үшін аталған мал иесіне азаматтық тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы.

Павлодар облысының автожолдары мен жазғы жайылымдарында полиция қызметкерлері иесіз малды анықтау бойынша тұрақты негізде рейдтер жүргізеді.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері бақылаусыз жайылып жүрген 8280 бас малды айыппұл тұрағына қамады. Оның ішінде ІҚМ-4066, жылқы-1233 және ҰҚМ – 2989. Облыс аумағында барлығы малға арналған 139 айыппұл тұрағы жұмыс істейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру