Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ Алматы академиясында киберполигон ашылды

ІІМ Алматы академиясында киберполигон ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысы алаяқтыққа, соның ішінде қаржы пирамидалары мен интернет-алаяқтығына қатысты құқық қорғау органдарына кешенді әрі нақты шаралар әзірлеуді тапсырғаны мәлім. Өйткені Қазақстанда интернет алаяқтық санының жылдан жылға артып келе жатқаны жасырын емес. Осы орайда биыл қыркүйек айында ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясында киберзертхана ашылып, интернет желісінде жасалатын қылмыс пен басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алатын ресурстарды қалыптастыруға бағытталған бағдарлама енгізілген болатын. Алматы академиясы мен “Kazdream special systems” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында жасалған меморандумға сәйкес зертхана заманауи ақпараттық жүйелермен қамтамасыз етілген еді.

Жуырда академия базасында ашылған киберполигон – осы маңызды жұмыстың жалғасы. Киберполигонның ашылу салтанаты кезінде академияның Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Радиотехника және байланыс Әскери-инженерлік институты әзірлеген антидрон бағдарламасына байланысты, “Сергек” компаниясымен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша “Tactical tech” компаниясымен командалық-штабтық оқу-жаттығулардың тренажерлерін құру жөніндегі бірлескен жобалары көрсетілді.

Арнайы мамандардың қатысуымен әзірленген киберполигонның бағдарламалық-техникалық әлеуеті ақпараттық жүйелер киберқылмысқа қарсы күрес жөніндегі бөлімшелерді білікті IT-мамандармен нығайтуға, полиция қызметкерлерін жедел-іздестіру шараларын жүргізуге және биллингті талдауға үйретуге, кибер алаяқтардың IP-мекенжайларын анықтауға, криптовалюталарды пайдалана отырып жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашуға және тергеуге ықпал ететін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру