Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда мемлекеттік қызмет ардагері ПД қызметкерлерімен кездесті

Қостанайда мемлекеттік қызмет ардагері ПД қызметкерлерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында мемлекеттік қызметшілер ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басшылығымен, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласының ардагерімен кездесті. Жиын барысында алдымен әдеп жөніндегі кеңес мүшесі Тоқтарбай Қадамбаев сөз алды. Ол мемлекеттік қызмет саласының Қостанай облысындағы тарихы жайлы сөз етті.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Асхат Искендиров мемлекеттік қызмет саласындағы түзетулерге тоқталды. Атап айтсақ, мемлекеттік қызметшілердің сынақ мерзімінен өту ережелері мен шарттары және тәлімгерлерді бекіту тәртібін түсіндірді. Шара соңында Қостанай облысы ПД департаменті бастығының орынбасары Құрмет Мәжікенов өздерін жақсы қырынан көрсеткен мемлекеттік қызметшілерді марапаттады.

Атап айтсақ, Қостанай облыстық ПД Қаржымен қамтамасыз ету басқармасының бас маманы Сайраш Мұсаева, Қостанай облыстық ПД заң бөлімінің бас маманы Григорий Копаничук, Қостанай облыстық ПД Жедел-криминалистикалық басқармасының бас маманы Сәуле Мұқашева Қостанай облыстық Полиция департаментінің грамотасымен марапатталды. Ал Қостанай облыстық ПД Қаржымен қамтамасыз ету басқармасының бас маманы Гүлсім Нұғыманова Қостанай облыстық Полиция департаменті бастығының алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру