Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл полицейлері мереке қарсаңында балалардың қауіпсіздігін бақылауға шақырады

Жамбыл полицейлері мереке қарсаңында балалардың қауіпсіздігін бақылауға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл полицейлері ата-аналарды алдағы жаңа жылдық мереке кезінде балалардың қауіпсіздігін назарға алуды ұсынады. Түрлі мерекелік отшашулар, Бенгаль шамдары, зымырандар, жарылғыш отшашулар кәмелетке толмағандарға үлкен зиян келтіруі мүмкін.

Мысалы, отшашулар шамамен 1000°C температурада жанып, Бенгаль шамдарының әлсіз ұшқындары көзге түсуі немесе киімді, жаңа жылдық әшекейлерді зақымдауға қабілетті. Мұндай жанғыш заттар санаулы уақытта көз жанарының көрмей қалуына, бет пен қол саусақтарын жарақаттануына әкеп соғады.

Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдер арасында өте танымал ойын – бомба петардаларын аулаларда, үйлердің кіреберістеріне немесе үй жануарларына лақтыру азаматтардың тыныштығын бұзып қана қоймай, үй-жайларға, электр сымдарына қауіп келтіреді.

– ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабына сәйкес, елді мекендерде 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған жеке тұлғалардың тыныштығын, белгіленген тәртіпті бұзатын және ірі материалдық залал келтіруге әкеп соқпаған және ол үшін бөлінбеген орындарда пиротехникалық бұйымдарды қолдану – ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға 20 АЕК (61260 теңге) мөлшерінде ескерту жасауға немесе пиротехникалық бұйымдарды тәркілей отырып, айыппұл салуға әкеп соғады. ҚР заңнамасының бұзылуына жол бермеу, сондай-ақ балалар жарақаттануының алдын алу не кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалатын өзге де құқыққа қайшы әрекеттерді болдырмау мақсатында лицензияланған пиротехникалық бұйымдарды және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтай отырып, ересектерді мұқият бақылауымен ғана пайдалануға шақырамын, – деді Жамбыл облысы ПД ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әлішер Қалышев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру