ІІМ басшысы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының өкілімен кездесті
ІІМ басшысы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының өкілімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 маусымда Қазақстанның Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының (БҰҰ АҚЖКБ) Орталық Азия бойынша өңірлік бөлімшесінің басшысы Рышард Комендамен кездесті.
БҰҰ АҚЖКБ өкіліне қазақстандық полицияны ауқымды реформалау, адам құқықтары жөніндегі халықаралық стандарттарды заңнамаға енгізу, сондай-ақ азаптауларға қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс және осы мәселе бойынша Ұлттық баяндама туралы хабардар етілді.
– Біздің ведомство адам құқықтары саласындағы халықаралық және ұлттық стандарттарға қол жеткізуге және сақтауға жүйелі және дәйекті түрде ұмтылады. Азаптауларға жол бермеу және оған қарсы іс-қимыл маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Адам құқықтарының сақталуын қоғамдық бақылау мәселелері ерекше маңызға ие, – деп атап өтті министр.
Рышард Коменда өз кезегінде адам құқықтары мәселелері бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға, атап айтқанда, БҰҰ АҚЖКБ индикаторларын енгізу мүмкіндігін және БҰҰ шарттық органдарының жеке өтініштер бойынша шешімдерін орындауды жалғастыруға ашықтығын және дайындығын білдірді.
Әңгімелесу барысында Қазақстан ІІМ мен АҚЖКБ арасындағы өзара қарым-қатынастарды одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.