ІІМ басшысының бірінші орынбасары БҚО ПД жеке құрамымен кездесті
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің жеке құрамымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Марат Қожаев жеке құрамға Мемлекет басшысының заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениет деңгейін арттыру бойынша тапсырмаларын еске салды.
Сонымен қатар ол заңдылық пен құқық тәртібін бұзудың кез келген түріне, оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, вандализмге, бұзақылыққа мүлдем төзбеу және әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген фактілеріне жол бермеу туралы айтып өтті.
Жиын барысында Марат Қожаев ел азаматтарының конституциялық құқықтарын қорғайтын полиция қызметкері үшін тәртіп бәрінен де жоғары тұруы керектігін баса айтты.