Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

22 млн теңге қарыз: Шымкент полицейлері 3 борышкер жүргізушіні ұстады

Шымкентте “Құқықтық тәртіп” ЖПІШ барысында патрульдік полицейлер қала көшелерінде қарыздан жалтарған 3 азаматты тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оның ішінде Toyota Highlander автокөлігін тізгіндеген ер адамның атқарушылық іс жүргізу бойынша 8,7 млн теңге қарызы болса, Toyota Camry 40 темір тұлпарының жүргізушісі 8 млн теңге берешекке батқан.

Ал Mitsubishi Montero көлігінің иесінде 5 миллион теңгеден астам өтелмеген қарызы бар екені анықталды. Үш жүргізушінің қарызы шамамен 22 млн теңгеге жуық.

Жүргізушілерге төленетін төлемдер туралы қатаң ескертілді. Ал, көліктері “Арғымақ” айып тұрағына қойылды. Қала тұрғыны қарыздарын толық өтегеннен кейін ғана автокөлігін ала алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру