Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері 5 күнде тыйым салынған заттарды сақтаудың 16 дерегін анықтады анықтады

СҚО полицейлері 5 күнде тыйым салынған заттарды сақтаудың 16 дерегін анықтады анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі заттарының медициналық мекемелердегі заңды айналымы тек белгіленген талаптарға сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылады. Аталған талаптардың Солтүстік Қазақстан облысындағы денсаулық сақтау мекемелерінде қаншалықты сақталып жатқанын “Дәрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер тексерді.

Барлығы 4 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, олардың барлығы Петропавл қаласының аумағында. Екі факті құжаттарды жүргізуге қатысты болды, бұл заттарды медициналық емес мақсатта пайдалану қаупін тудыруі мүмкін. Тағы бір жағдайда есірткі заттарын сақтауға арналған бөлмеде бөгде заттар болған, бұған қатаң тыйым салынады. Ал спорт мекемелерінің бірінде прекурсорларға жататын тұз қышқылын сақтауға қажетті жағдай жасалмаған. Басшылық әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бұзушылық жойылғанға дейін салмағы 137,5 келі қышқыл тәркіленіп алынды.

– Жедел-профилактикалық іс-шараның 5 күні ішінде облыста фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттар мен медициналық өнімдер айналымы саласындағы қағидаларды бұзу, сондай-ақ есірткі заттары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайтылуына қатысты талаптарды бұзу фактілері бойынша 16 әкімшілік хаттама толтырылды, – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру