ІІМ: дауылдан сақтық шараларын сақтауды ұсынады
ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті дауылды ескерту туралы хабарламаларды елемеуден сақтануды және сақтық шараларын орындауды сұрайды.
-дауылдан жер асты өткелдерінде, кіреберістерде, дүкендерде жасырынуға болады. Жарнама қалқандарының, автобус аялдамаларының, ағаштардың, артында, үй қабырғаларының жанында жасырынуға, көпірлерде, жол өтпелерінде, эстакадаларда, тез тұтанатын және улы заттарды сақтайтын орындарда, шатырларда, сондай-ақ электр беру желілерінің астында тұруға, үзілген электр сымдарына жақындауға болмайды;
- автокөлікті ағаштардың, билборд құрылымдар мен электрсымдарының астына тұраққа қоймаңыз;
- тыныштықты сақтаңыз, үрейленбеңіз, қажет болған жағдайда балаларға, мүгедектерге, балаларға, қарт адамдарға, зардап шеккендерге көмек көрсетіңіз;
- ауылдық жерлерде тұратын халыққа ауа райы қолайсыз болған кезде алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуға кеңес береміз кеңес береді.
Еліміздің көптеген аймақтарында дауылды ескерту жарияланды:
Нұр-Сұлтанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман,
боран күтілуде. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с.
Ақмола облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, боран күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с соғады, екпіні 23 -28м /с.
Ақтөбе облысында кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, боран күтіледі.Оңтүстік-батыстан солтүстік батысқа жел соғады, күші 9-14 м/с. 8-9 ақпанда түнде ауа температурасы күрт төмендейді, аяз -10-20.
Дауылды ықтималдығы 85-90%.
Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Жел 15-20 м/ с.
Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ күтіледі.
Қарағанды облысында боран, тұман, көктайғақ болады. Жел 15-20 м/с.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, боран. күтілуде Жел оңтүстік-батыстансолтүстік-батысқа
15-20 м / с, екпіні 23-28 м/ с.
Қызылорда облысында тұман күтіледіі. Жел 15-20 м /с.
Павлодар облысында боран, тұман, көктайғақ күтіледі. Жел 15-20 м/с,
екпіні 23 -28 м/с.
Құтқару қызметінің бірыңғай нөмірі «112».