Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ: дауылдан сақтық шараларын сақтауды ұсынады

ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті дауылды ескерту туралы​ хабарламаларды елемеуден сақтануды​ және сақтық шараларын орындауды сұрайды.

-дауылдан жер асты өткелдерінде, кіреберістерде, дүкендерде жасырынуға болады. Жарнама қалқандарының, автобус аялдамаларының, ағаштардың,​ артында, үй қабырғаларының жанында жасырынуға, көпірлерде, жол өтпелерінде, эстакадаларда, тез тұтанатын және улы заттарды сақтайтын орындарда, шатырларда, сондай-ақ электр беру желілерінің астында тұруға, үзілген электр сымдарына жақындауға болмайды;

– автокөлікті ағаштардың, билборд​ құрылымдар мен электрсымдарының астына тұраққа​ қоймаңыз;

– тыныштықты сақтаңыз, үрейленбеңіз, қажет болған жағдайда балаларға, мүгедектерге, балаларға, қарт адамдарға, зардап шеккендерге көмек көрсетіңіз;

– ауылдық жерлерде тұратын халыққа ауа райы қолайсыз болған кезде алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуға кеңес береміз кеңес береді.

Еліміздің көптеген аймақтарында дауылды ескерту жарияланды:

Нұр-Сұлтанда​ жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман,
боран күтілуде. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с.

Ақмола облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, боран күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с соғады, екпіні 23 -28м /с.

Ақтөбе облысында кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, боран күтіледі.Оңтүстік-батыстан солтүстік батысқа жел соғады, күші 9-14 м/с. 8-9 ақпанда түнде ауа температурасы күрт төмендейді, аяз -10-20.
Дауылды ықтималдығы 85-90%.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Жел 15-20 м/ с.

Батыс Қазақстан облысында​ тұман,​ көктайғақ күтіледі.

Қарағанды облысында боран, тұман, көктайғақ болады. Жел 15-20 м/с.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, боран. күтілуде Жел оңтүстік-батыстансолтүстік-батысқа
15-20 м / с, екпіні 23-28 м/ с.

Қызылорда облысында тұман күтіледіі. Жел 15-20 м /с.

Павлодар облысында​ боран, тұман, көктайғақ күтіледі. Жел 15-20 м/с,
екпіні 23 -28 м/с.

Құтқару қызметінің бірыңғай нөмірі «112».

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру