Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті: автожолдардағы қозғалыстар жабылды

Ақмола облысында автокөліктің барлық түрлері үшін 5 учаскеде қозғалыс жабылды: “Екатеринбор-Алматы” (СҚО шекарасынан Жақсы к.дейін, 856-917 км),”Жезқазған-Петропавл” (Қостанай облысының шекарасынан Знаменка к. дейін, 377-595 км ), “Қостанай-Әулиекөл-Сұрған” (Қостанай облысының шекарасынан Сұрған к. дейін, 232-260 км),”Щучинск-Зеренді” (Щучинск-Зеренді а. дейін, 0-80 км),” Көкшетау-Атбасар” (Балкашино к. шекарасынан Атбасарға дейін, 107-184 км).​ ​ ​ ​ ​

Ақтөбе облысында ” Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз” автожолының учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс  жабылды (Қандыағаш қаласынан Ембі қаласына дейін 0-92 км).

Шығыс Қазақстан облысында “Қарағанды-Аягөз-Бұғаз” автожолының учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды (Малкелді а.-Аягөз қ.-Бұғаз а. 447-941 км).

Қостанай облысында автожолдың 2 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды: “Қостанай-Әулиекөл-Сұрған” (Әулиекөл ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін, 108-232 км.), “Жезқазған-Петропавл”(Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін, 340-377 км).

Солтүстік Қазақстан облысында автожолдардың 2 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды: “Екатеринбор -Алматы” (Чистополье п. Ақмола облысының шекарасына дейін, 835-856 км), “Тимирязев-Сарыкөл”(Тимирязев ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін, 0-32 км).​

ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті жүргізушілерді ауа райының өзгеруін, смс-таратылуын бақылап, қозғалысты жабу кезінде трассаға шықпауды сұрайды.​ Метеожағдайлардың нашарлауы және автомобиль жолдарының жабылуы туралы хабарламаны “Darmen” мобильдік қосымшасы қамтамасыз етеді.

Құтқару қызметінің бірыңғай нөмірі “112”.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру