Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Облыс тұрғынының мал ұрлығына қатысы бар болып шықты

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері Өскемен қаласының маңында мал ұрлығымен айналысқан күдіктіні ұстады,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлан ауданының кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан түнгі уақытта үй ауласында орналасқан қорадан белгісіз тұлғалар жылқы ұрлап кеткендігі туралы арыз келіп түсті.Жәбірленуші полицияға көмек сұрап жүгінді. Келтірілген залалдың жалпы сомасы-жарты миллион теңгеге жуық.

Мал ұрлығын ашу және күдіктілерді ұстау мақсатында  жедел уәкілдер, учаскелік инспекторлар мен жергілікті полиция қызметкерлер қатарынан арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.

Тәртіп сақшылары жақын маңдағы барлық аумақтарды аралап, куәгерлер мен жергілікті тұрғындарға сауалдар қойып, қажетті іс-шараларды өткізді.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, аудандық полиция қызметкерлері 28 жастағы облыс орталығының тұрғынын анықтап, ұстады.

Тергеу барысында жас жігіт қаңтар айының ортасында Алтай ауданында жасалған ірі қара малын ұрлауға қатысы бар екені анықталды.

Ұрланған малдарды сатып, түскен ақшаны өз қажеттеріне жұмсаған. Бүгінгі күні күдікті өз әрекетін толық мойындады. Қамауда. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 “Айта кету керек, Қылмыстық кодекстің өзгеруі мен қатаңдауына байланысты қылмыстың бұл түрі аса ауыр қылмысқа жатады. Ағымдағы жылдың басынан бері полиция қызметкерлері мал ұрлығының 9 фактісін ашты, оның ішінде өткен жылда болған ұрлықтың 2 фактісін ашты, осылайша 3 миллион теңге көлемінде ұрланған малды қайтарып берді”, – деп атап өтті полиция департаменті бастығы орынбасары Талғат Шаяхметов.

Тәртіп сақшылары азаматтарға өз мүлкіне қырағы болу қажеттігін ескертеді. Аулаларды жарықтандыру, бейнебақылау камераларын, сондай-ақ күзет сигнализациясын орнату қажет, бұл өз кезегінде зиянкестердің алдын алады. Егер сіз мал ұрлығының құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу “102” нөміріне  хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру