ІІМ-де БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен бірлескен жобалар талқыланды
ІІМ-де БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен бірлескен жобалар талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер министрлігінде Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының Бағдарламалық кеңсесінің басшысы Навид Риазбен кездесті.
Сондай-ақ, іс-шараға Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталықазиялық өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының (ОАӨАҮО) директоры Мирализода Рустам Азиз қатысты.
Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы 2007 жылы қарашада Алматы қаласында БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының жобасын іске асыру аясында құрылды.
Кездесу барысында қатысушылар БҰҰ ЕҚБ және ІІМ-нің ағымдағы бірлескен жобаларын, оның ішінде ОАӨАҮО қызметі бойынша, БҰҰ-ның «экстремистік және террористік бағыттағы қылмыстары үшін сотталғандармен жұмысты күшейтуді қолдау және пенитенциарлық мекемелерде зорлық-зомбылық туғызатын радикалданудың алдын алу» бағдарламасы, сондай-ақ полиция реформасы бойынша тақырыптарды талқылады.
Қатысушылар халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, оң тәжірибе алмасу арқылы өзара байланысты арттырудың маңыздылығын атап өтті. Кездесу өзара түсіністік пен конструктивті диалог атмосферасында өтті.