Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

10 жыл куәліксіз жүрген әйел құжатын алды

Түркістан облысының полицейлері 10 жыл құжатсыз жүрген тұрғынға көмектесіп, алғыс алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес Түркістан облысы Полиция департаментінде құжаттанбаған немесе КСРО құжатымен қалып қойғандарға құжат рәсімдеу мақсатында көші-қон қызметкерлерінен арнайы мобильдік топтар құрылған.

Осыған байланысты Мақтаарал АПБ-нің қызметкерлерінен құрылған мобильдік топ халық арасында сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, құжаттанбаған тұрғынның барын анықтаған. Содан кейін Мақтаарал ауданының тұрғыны Кульдастар Мирзаеваға құжатын жасап беруге көмек берілді.

Анықталғандай тұрғын Өзбекстан Республикасынан қоныстанып, содан бері денсаулығына байланысты Қазақстан Республикасының төлқұжатын ала алмаған. Полицейлер мүмкіндігі шектеулі тұрғынға көмектесу мақсатында елшіліктермен хат-хабар алмасып, тыңғылықты жұмыстар атқарып, егде жастағы анаға төлқұжат рәсімдеп берді.

Өз кезегінде 70 жасқа келген кейуананың куанышында шек болмады. Ол полиция қызметкерлеріне және оларды басқарып отырған басшыларына аналық алғысын жаудырды.

Атап өтетін жайт Мақтаарал АПБ-нің полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындарға, соның ішінде ҰОС ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі жандарға құжатын жасап беруге, ары-бері сандалтпауға үнемі көмек көрсетіп отырады. Бұл бағыттағы жұмыстар полицейлер тарапынан алдағы уақытта да жалғаса бермек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру