Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ-де Герман тарапымен Орталық Азиядағы зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу мәселелері талқыланды

ІІМ-де Герман тарапымен Орталық Азиядағы зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу мәселелері талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров Қазақстандағы Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамы (GIZ) өкілдігінің басшысы Йорг Пуделькамен кездесті.

Кездесу барысында ІІМ-нің негізгі серіктесі болып табылатын “Орталық Азиядағы зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу” GIZ халықаралық жобасын іске асыру мәселелері талқыланды.

Тараптар осы жоба шеңберіндегі қазақстан-герман ынтымақтастығының перспективалары туралы пікір алмасты және қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша одан әрі өзара іс-қимылды нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.

Кездесу өзара түсіністік пен сындарлы диалог атмосферасында өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру