Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ-де Қазақстан мен Сингапурдың ішкі істер министрлері кездесті

Сингапурдың ішкі істер және әділет министріКасивисванатхан Шанмугам бастаған делегациясы Қазақстанға сапары аясындаеліміздің ішкі істер министрлігіне барып қайтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан тарапынан кездесуге министрлік басшылығы, криминалдық және көші-қон блогы бойынша қызметтерінің, сондай-ақ ведомствоның ақпараттандыру департаментінің басшылары қатысты.

Ішкі істер және әділет министрінен басқа Сингапур тарапының атынан Сингапурдағы резиденциясы бар Қазақстан Республикасындағы Сингапур Республикасының Елшісі, сондай-ақ осы елдің әділет және ішкі істер министрлігі қызметтерінің басшылары қатысты.


Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қазақстандық полицияны трансформациялау, проблемалық бағдарланған тәсіл мен сервистік элементтерді енгізу, қағазбастылықтан арылуды жалғастыру, сондай-ақ қызметті цифрландыру туралы хабарлады. Сонымен қатар ол Қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын әзірлеу туралы айтты. Одан бөлек, полицияның процессуалдық қызметінің жүйеішілік өзгерістері мен реинжинирингіне жеке тоқталды.

– Қазақстандық полиция қазір терең трансформация процесінде. ІІМ бұл үшін басқа елдердің, соның ішінде Сингапурдың, құқық қорғау органдарының клиентке бағдарлануы дамыған, заңға бағынатын қоғамның озық тәжірибесін егжей-тегжейлі зерттеп жатыр, – деп атап өтті ведомство басшысы.


Кездесудің бас қонағы, і
шкі істер және әділет министрі Касивисванатхан Шанмугам, Сингапур полиция департаментінің тәжірибесімен бөлісті. Оның айтуынша, негізгі басым міндеттердің бірі сенім және сенімдіүкімет пен халық арасында құру. Ал оны көп жағдайда қауіпсіздік органдары, яғни полиция қамтамасыз етеді.

Жалпы, Сингапур делегациясы мен отандық полицейлердің достықөзара құрмет пен сенім, сындарлық және өзара түсіністік жағдайында өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру