Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ еліміздің жетекші азаматтық жоғары оқу орындарында тергеушілерді дайындайды

ІІМ-де дипломдық жобаларды дайындау аясында Тергеу департаменті басшылығының қатысуымен М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің «Тергеуші» студенттік клубының отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы тергеу бөлімшесінің бастығы Санжар Әділов студенттерге қылмыстық процестің жаңа үш буынды моделі аясында тергеушінің жұмысы туралы айтып берді.

Тергеу бөлімінде өндірістік практикадан өтуге шешім қабылдаған болашақ заңгерлер таңдаған мамандықтары бойынша жұмыс істеу үшін қылмыстық істерді тергеудің практикалық дағдыларын алуға баса назар аударды.

Министрдің тапсырмасы бойынша ІІМ «Кәсіптік білім берудің дуальды жүйесі» негізінде кәсіптік бағдар беру бағдарламасын іске асырып жатқанын атап өту қажет – ол азаматтық жоғары оқу орындарында болашақ тергеушілерді даярлауды көздейді.

Сол үшін аумақтық полиция департаменттері 33 қазақстандық жоғары оқу орындарымен және ООО-мен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасады.

Еліміздің азаматтық оқу орындарында 21 студенттік клуб құрылды. Оған өзінің болашақ жұмысын практикалық юриспруденцияға арнауды және сол арқылы азаматтардың құқықтары мен мүдделерін әділ қорғауды қамтамасыз етуді шешкен 600-ден астам студент мүше болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің базасында Жоғары құқық мектебінің студенттері үшін жоғары сыныпты болашақ тергеушілерді даярлау жөніндегі «Тергеуші» бағдарламасы жұмыс істейді.

Бағдарлама аясында қазіргі тергеушілер мен анықтаушылар тергеу әрекеттерінің тактикасы мен әдістемесі және құқық қолдану практикасының әртүрлі аспектілері бойынша дөңгелек үстелдер, сабақтар мен дәрістер өткізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру