Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада көлікті мас күйінде басқарған 40 жүргізуші жауапқа тартылды

Қызылордада көлікті мас күйінде басқарған 40 жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылордалық полицейлер “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасының 13 күнінде 87 қылмысты ашты. Облыс орталығында бұрын жасалған 12 қылмыстың беті ашылды. Жалға берілетін 480 пәтер тексерілді.

Тегіс ұңғылы атыс қаруын заңсыз алып жүрген 12 адам анықталып, барлығына ӘҚБтК-нің 482-бабымен (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) әкімшілік хаттама рәсімделген.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың 1400 дерегі анықталған. Оның ішінде ұсақ бұзақылықтың – 507 дерегі, алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарда масаң күйде жүрудің – 293, Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжатсыз тұрудың – 441, шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы бойынша – 34, шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзудың – 18 дерегі анықталған.

Сонымен қатар, көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарудың 40 дерегі анықталып, барлығы заңға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру