Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ еңбек мигранттарын тіркеу ережелері туралы еске салады

ІІМ еңбек мигранттарын тіркеу ережелері туралы еске салады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қабылдаушы тарап – қабылданатын шетелдік туралы ішкі істер органдарын хабардар етуі тиіс.

Хабарлама келесі жолдармен жіберіледі:

– mvd.gov.kz сайтында көрсетілген ішкі істер органдарының орналасқан мекенжайы бойынша хабарлама беру;

– электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен визалық көші-қон порталы арқылы (www.vmp.gov.kz немесе egov.kz веб-сайттары арқылы);

– “e-Qonag” ақпараттық жүйе пайдаланушылары www.eqonaq.kz веб-сайты арқылы; 

Әрі қарай еңбек иммигрантына жеке тұлғаның үй шаруашылығында  жұмыс істеуге (қызмет көрсету үшін) рұқсат беру керек.

Бұл рұқсатты Қазақстан Республикасына визасыз кіру және болу тәртібімен келетін шетелдіктер, Қазақстанда кемінде үш ай мерзімге дейін визасыз болу мүмкіндігі бар келісім жасасқан елдің азаматтары алуға құқылы (Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәжікстан азаматтары).  

Шетелдіктер осы уақыт ішінде уақытша болу жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына бастапқы жүгінген кезде келесі құжаттар тізімін: өтініш, жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемді төлеу туралы түбіртек, Мемлекеттік шекараны өту туралы белгісі бар ұлттық төлқұжат, шетелдіктің медициналық куәландырудан, дактилоскопиялаудан және суретке түсіруден өту туралы анықтамалар, медициналық сақтандыру, жұмыс беруші мен қызмет көрсетуші арасындағы еңбек шартын өткізу қажет.

Рұқсатты ұзарту үшін: ұзарту туралы өтініш, жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемді төлеу туралы түбіртек, еңбек иммигрантына бұрын берілген рұқсаты, еңбек шарты.

Еңбек иммигрантына рұқсат өтініште көрсетілген мерзімге беріледі және бір айдан үш айға дейінгі мерзімді құрайды. Еңбек иммигрантына рұқсат берудің ең ұзақ мерзімі он екі айдан аспауы тиіс.

Еңбек иммигрантына жаңа рұқсат алдыңғы рұқсаттың мерзімі аяқталғаннан кейін отыз күнтізбелік күннен ерте берілмейді.

Жеке тұлғада жұмыс істеу үшін алынған рұқсаттың негізінде шетелдікке Қазақстан Республикасында уақытша тұру туралы рұқсаттын рәсімдеу қажет. Шетелдік тек осы көрсетілген ережелерді сақтаған кезде рұқсат беру құжаттарын заңды негіздерде алу арқылы біздің мемлекетіміздің аумағында заңды бола алады.

Егер шетелдік құжатты дұрыс рәсімдемесе, ол айыппұл түрінде 25 АЕК көлемінде немесе 10 тәулік әкімшілік қамау немесе  Мемлекеттен тыс шығару арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Шетелдіктердің болу тәртібіне құжаттарды уақытылы ресімдемеген жеке тұлғалар айыппұл түрінде 25 АЕК көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру