Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті донорлық эстафетасын бастады

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері донорлық эстафетаны бастап, елордалық Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында қан тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Департамент басшысы Ерлан Омарбеков бұл іс-шара көптеген науқастар, оның ішінде жаңа туған балалар үшін өмірлік маңызы бар ерікті қан донорлығының кең таралуына өз үлесін қосуға арналғанын атап өтті.

Кездесуде қан орталығының басқарма төрағасы Сания Абдрахманова полиция қызметкерлеріне донорлықтың маңыздылығы, қанды медицинада қолдану, оның сапасын бақылау кезеңдері туралы айтып берді. Ол тегін көмек көрсетуге ұмтылатын ерікті донорлардың өз денсаулығы туралы шынайы ақпарат беретінін атап өтті.

Ішкі істер министрлігінің донорлары өздерінің ақысыз қан тапсыруға үнемі қатысуын мұқтаж адамдарға көмектесу үшін ғана емес, сонымен бірге қайырымдылыққа мүмкіндігінше бей-жай қарамайтын адамдарды тартудың маңыздылығы туралы түсіндірді.

Донорлық эстафетасы Ішкі істер министрлігінен Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлеріне берілді, одан әрі оған еліміздің барлық өңірлерінің полицейлері қатысатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру