ІІМ: Халықпен әріптестік негізде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тұжырымдама әзірленуде
Халықпен әріптестік негізде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тұжырымдама әзірленуде. Бұл туралы ІІМ алқа отырысында айтылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Онда қоғамның сұраныстары мен озық шетелдік тәжірибе ескерілетін болады.
Құжатта көзделген:
- құқық бұзушылықтардың алғышарттарын жою бойынша кешенді жұмыс жүргізу;
- қоғамда заңдылықты бұзуға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру;
- полиция жұмысының сервистік үлгісіне көшу;
- құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша уәкілетті органдар жауапкершілігінің аражігін ажырату.