Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жас қызды пышақпен қорқытқан күдікті құрықталды

Шымкентте жас қызды пышақпен қорқытқан күдікті құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 шілде күні Шымкент ҚПД Қаратау АПБ-на жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз шағымында 4 шілде сағат 22:00 шамасында Шымкент қаласы Нұрсат мөлтек ауданында бейтаныс ер адам келіп, пышақпен қорқытқанын жеткізді. Оқиға кезінде жәбірленушінің көмек сұраған даусынан үй иесі сыртқа шығып келе жатқанда, күдікті тез арада “ізін суытып” үлгерген.

Аталған қылмысты жасауға оқталған күдіктіні анықтау мақсатында тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шарасын жүргізді. Барлық куәгерлерден сұрастырып, бейнекамераларды қарады.

Полиция қызметкерлерінің шұғыл әкерет етуінің, тәулік бойы іздеу жұмыстарын жүргізуінің нәтижесінде, бейнекамералардың көмегімен күдіктіні тұрғылықты мекенжайынан анықтап, ұстады.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша тіркеуге алынды. Қазіргі таңда ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру