Қарағанды облысының полицейлері екі тонау дерегін ашты
Қарағанды облысының полицейлері екі тонау дерегін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 шілдеде сағат 4.00 шамасында Қарағанды қаласының ПБ Октябрь полиция бөліміне Күзембаев көшесіндегі үйлердің бірінің жанында тонау болғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына бірнеше минуттан кейін жедел-тергеу тобы келді.
Жәбірленуші 31 жастағы қала тұрғыны үйіне қайтып бара жатқанда белгісіз біреудің оған шабуыл жасағанын хабарлады. Қаскөй күтпеген жерден физикалық үстемдік көрсетіп, одан 16 500 теңгесін тартып алып, қашып кеткен. Жәбірленуші шабуылдаушының сырт келбетін, оның шамамен жасының 30-35 жаста екенін суреттеп берді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 31 жастағы күдікті ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін толық мойындады.
14 шілдеде Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне қаланың 42 жастағы тұрғыны жүгінді. Айтуынша, Республика даңғылының бойында кенеттен оған белгісіз біреу жүгіріп келіп, мойынындағы алқасын жұлып әкеткен. Оқиға орнына жақын жерде орналасқан патрульдік полиция батальонының жасағы келеді.
Полиция оқиға орнына жақын орналасқан аудандарды аралап, қызметтік көлікті байқап, жасырынуға тырысқан ер адамға назар аударды. Патрульдер қашып құтылмақшы болғанды ұстады. Ол 44 жастағы ер адам болып шықты. Ол кінәсін толық мойындады. Заттай дәлелдеме – алтын алқа тәркіленді.
Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.