Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ карантин енгізілген қалаларға түн жарымынан бастар кіруге және шығуға барынша шектеу қойылатынын ескертеді

22 наурызда 00:00 сағаттан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында вирустық инфекцияның олан әрі таралуына жол бермеуге бағытталған шектеу шаралары күшіне енеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шектеу азық-түлік, тауарлар, дәрі-дәрмектер және бірінші кезекте қажетті заттарды жеткізетін автокөлікке, сондай-ақ жүк және транзиттік тасымалдарды жүзеге асыратын көлікке қатысты болмайды.

19 наурыздан карантин басталғанан бері бекеттердегі жағдай қалыпты. Азаматтар тқабылданған шектеу шараларына түсіністікпен қарауда.

Сонымен бірге қасақана жалған ақпарат, оның ішінде арандатушылық сипаттағы ақпарат тарату фактілері кездесуде.

Мысалы, әлеуметтік желілердің бірінде пайдаланушы такси жүргізушісімен әңгімелесу бейнежазбасын орналастырған, онда такси жүргізушісі белгілі бір ақы үшін құжаттарды тексертпестен, блок-бекеттері арқылы кедергісіз өткізуге уәде береді.

Мұндай фактілердің жолы қатаң кесіледі. Бұл үшін құқық қорғау күштері қажетті пәрменді шаралар қабылдауда.

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында блок-бекеттерде патрульдік полицейлермен және әскери қызметшілермен қатар өзіндік қауіпсіздік қызметкерлері де жұмыс істейді, олар заңдылықтың сақталуын және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін бақылауды қамтамасыз етеді.

Арандатушылық бейнежазбасын тарату фактісі бойынша тиісті тексеру жүргізілуде.

Осыған байланысты ІІМ жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік бары туралы ескертеді және азаматтардан жалған сөзге сенбеуді, ал Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан шығу және кіруге байланысты барлық құқық бұзушылықтар туралы полицияға хабарлауды сұрайды (телефондары: Нұр-Сұлтан қаласында – 71-60-20, алматы қаласында – 254-40-07, ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің сенім телефоны – 1402).

Карантиндік іс-шараларға қатысты өзге сұрақтар бойынша әкімдіктерге хабарласау қажет (Нұр-Сұлтан қаласы: 109, Алматы қаласы: 1309)

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру