Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ көрсететін мемлекеттік қызметтердің 95 %-ы электронды форматқа көшірілді

ІІМ көрсететін мемлекеттік қызметтердің 95 %-ы электронды форматқа көшірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету үшін қызметкерлердің халықпен тікелей байланысы барынша азайтылды. ІІМ-нің 40 қызметінің 38-і автоматтандырылған. Олардың ішінде ең көп сұранысқа иелері – автокөлікті тіркеу, жеке басты куәландыратын құжаттар мен жүргізуші куәліктерін беру, сондай-ақ азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу.

Сондай-ақ, ТЕБ және “Рубеж” стационарлық бекеттері таратылып, көлікті себепсіз тоқтатуға тыйым салынды. Сонымен қатар, елде 30 тәулікке дейін болатын шетелдіктердің барлық санаттарын тіркеу тоқтатылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру