Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ мен Антикор полиция қатарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте бірігуде

Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектеновпен кездесуі барысында белгілі болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесу барысында ведомство басшылары өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Құжат шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында өзара қызығушылық тудыратын ақпарат алмасу, бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мониторинг және талдау жүргізу көзделген.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың айтуынша, ведомство ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге және СЖТТ арқылы жосықсыз қызметкерлердің қатарын тазартуға бағытталған.

«Бұны алдымен сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жоймайынша жүзеге асыру мүмкін емес. Ол үшін біз барлық бөлімшелерде ішкі тәуекелдік талдаулар жүргіземіз», – деді ол.

Өз кезегінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Олжас Бектенов ІІМ бастамасын қолдады. Полиция қызметкерлері халықпен тығыз байланыста, сондықтан тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа барынша бейім. Оны жою туралы Мемлекет басшысы бірнеше рет айтқан болатын.

«Біз ІІМ-нен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және халықтың елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті сақтауда тұрған полицияның адалдығы мен параға сатылмайтындығы туралы сенімін қалыптастыруда серіктес көріп отырмыз», – деді Бектенов.

Сонымен қатар полиция Integrity check адалдықты тексеруді сынақтан өткізуге ниетті. Бұл шара көптеген елдерде сәтті қолданылады. Қазақстанда оны енгізу «2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасын» іске асыру аясында көзделген. Қазіргі уақытта Агенттік құқықтық негіз әзірлеуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру