Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында ҚАЖ қызметкерлері Ұлттық ұлан грамоталарымен марапатталды

Алматы облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының құқығымен берілген грамоталармен марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5514 әскери бөлімінің аумағында өңірлік қолбасшылық ауқымында Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қатысуымен 1-тоқсандағы жауынгерлік қызмет қорытындысы өткізілді.
Жиналыста сондай-ақ, мекемелерде ҚР Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің жауынгерлік қызмет атқару кезіндегі проблемалық мәселелері талқыланды.

Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары әскери қызметшілердің ерен еңбегін және олардың қоғамдық тәртіп пен мемлекет пен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлестерін атап өтті.

– Жалпы, Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментінің құрылымына алты мекеме кіреді. Оның ішінде қауіпсіздігі жоғары және орташа үш мекемені ҚР Ұлттық ұланының 3660 әскери бөлімінің әскери қызметшілері күзетеді, – деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Жәнібек Қосжанов.

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша және ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының құқықтарымен өзара іс-қимыл жасағаны үшін ҚАЖ қызметкерлері грамоталармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру