Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері пышақпен қаруланған ер адамды залалсыздандырды

Алматы полицейлері пышақпен қаруланған ер адамды залалсыздандырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“102” пультіне телефон соққан Орбита ықшамауданының дабыл қаққан тұрғындарының айтуынша, мас ер адам тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан азық-түлік дүкеніне жүгіріп кіріп, қызметкерлерін пышақпен үрейлендіріп, өз-өзіне қол жұмсаймын деп қорқытқан.

– Хабарға бірінші болып “Буран-125” патрульдік экипажы жауап берді. Олар оқиға орнына үш минуттан кейін жетті. Ер адам шынымен де қарулы болған. Осы кезде дүкен ішінде болған адамдардың өміріне қауіп төндірмеу үшін полиция қызметкерлері өте мұқият әрекет етті: назарын басқа жаққа аударып, онымен диалог құрып, ер адамға үнсіз жақындады. Бір кезде инспектор қарулы адамды ұстап алып, қолындағы пышақты жұлып алды. Анықталғандай, бұл – алкогольдік ішімдіктерді асыра пайдаланатын адам ретінде профилактикалық есепте тұрған жергілікті тұрғын – 1978 жылы туған Б.есімді азамат болып шықты. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ, – дейді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Спикердің айтуынша, ер адамды медициналық тексеруге алып кеткен. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Одан әрі оқиғаға қатысы бар адамның әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру