Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ: қайғылы жағдайда қаза тапқан Дархан Базарбаевтың есімі мәңгі сақталады

Қазақстан Республикасының Президенті қызметтік міндетін орындауда батылдық танытып, қайсарлықпен қаза тапқан Дархан Базарбаевты ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттады.Күнделікті ішкі істер органдарының 13 мыңнан астам қызметкері қоғамдық тәртіпті сақтауға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылады. Соңғы бес жылда қылмыс көлемінің тұрақты түрде азайғаны байқалады (2015 ж. 368,7 мыңнан 2019 жылы 236, 6 мыңға немесе 36 % -ға кеміген). Бұл тәртіп сақшыларының ерен еңбегінің жемісі. Күн сайын полиция қызметкерлерінің қатысуымен 100-ден астам қылмыс түрлері ашылады. Сонымен қатар, күнделікті 14 мыңнан астам құқық бұзушы ұсталады.

 

«Полицей мамандығы өкінішке орай, өмірге қауіпті және тәуекелі зор қызмет түріне айналып барады. Тәуелсіздік жылдарынынан бері қызметтік міндеттерін орындау кезінде 791 полицей қаза тауып, 2510 адам жарақат алды. Солардың бірі – Дархан Базарбаев болатын. Марқұм дене жарақатына қарамастан, қанды қол қылмыскерді құрықтап, жәбірленушіні аман сақтап қалды. Мұндай қайғылы оқиғалар полицейдің отбасы, туыстарына ғана емес, тұтастай ІІМ қызметкерлеріне де  ауыр соққы болып тиеді.   Олардың ерен еңбегі санамызда жаңғырып, есімдері полиция қызметінің тарихында мәңгі сақталады.Базарбаев Дархан Серікұлының отбасы, туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Ішкі істер министрлігі марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетеді », – деді министр Ерлан Тұрғымбаев.

Дархан Базарбаевпен қоштасу 21 қаңтарда өтеді. Марқұмды туған жері – Әулиекөл ауданы Лаврентьевка ауылында жерлейді

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру