Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Видео: полицейлер көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды

Полиция қызметкерлері көпірден секірмек болған 19 жасар қызды құтқарып қалды, – деп хабарлайды polisia.kz

Оқиға 9 қаңтар күні таңғы 6-да орын алған. Оны сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар байқап қалған.

– Таңғы 6-ларда мен орталық көпір арқылы жұмысқа бара жатқанмын. Бір қарасам бейтаныс ер-азаматтың көмек сұраған дауысын естідім. Ол меннен «көпірден секірмек болған қыз баланы» құтқаруға көмектесуімді сұрады. Бастапқыда қорқа соқтап, кейін шегінген болатынмын. Алайда, мән-жайға көз жеткізген соң, бірден полицияға хабарласып, әлгі қызды райынан қайтаруға тырыстық. Бірақ ол қарсылық танытты. – дейді куәгер.

102 операторына қоңырау түскен соң, алғашқы патрульдік экипаж оқиға орнына 3 минутта жетті.

– Ойлануға уақыт болмады. Көпір таянышынан қолымды шығарып, оны құшағыма алдым. Бірақ сол сәтте ол бар салмағымен төмен қарай сырғи жөнелді. Әлгі қызды ұстап қалуға әріптесім Нұржан Әбенов көмектесті. Осылайша біз оны көпірдің көлік жүретін жағына алып шықтық. – деп взвод командирі Ораз Тажикенов еске алады.

Наркодиспансерде жасалған қорытынды нәтижесінде, 19 жасар қызда масаңдықтың “жеңіл” дәрежесі бар екендігі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру