ІІМ Қостанай академиясында жауынгерлік дағдыларды пысықтау бойынша мастер-класс өтті
ІІМ Қостанай академиясында жауынгерлік дағдыларды пысықтау бойынша мастер-класс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында арнайы бөлімшелердің тәжірибелі қызметкерлерін тарта отырып, жауынгерлік дағдыларды пысықтау бойынша жұмысты күшейтті.
ЖОО-да оқитын алғашқы кәсіби даярлық курстарының тыңдаушылары мен магистранттарына шабуылшының соққысын қалай көрсетуін, қарсыласқа қандай әдістерді қолдануын және қарулы жауды қалай тез арада залалсыздандыру керектігін үйретті.
Мастер-классқа жедел әрекет ету жасағының қазіргі қызметкерлері мен ІІО ардагерлері шақырылды. Олар өз тәжірибелерімен және жинақталған білімдерімен бөлісіп, жас ұрпақты оқытуды жалғастыруда.
– Өзіне сенімді, дайындалған қызметкер бұл істің сәтті аяқталуының толық кепілі болмақ. Шабуылға тойтарыс беру, жауға қарсы тұра білу, кез келген уақытта және кез келген жағдайда көмекке келу бұның барлығын бізге жаттықтырушыларымыз үйретті және біз жігіттерді алдағы қызмет шындығына даярлауға тырысамыз, – дейді ПД арнайы даярлық бөлімінің қызметкері, отставкадағы полиция подполковнигі Николай Максаков.
– Барлық білім алушылар кез келген әрекетке әрдайым дайын болу үшін физикалық даярлықтан өтеді. Қызметтің бірінші минутынан бастап офицер кез келген сәтке дайын болуы тиіс, сондықтан қазір бұл бағыт – біз үшін оқытуда басым бағыт, – дейді Академия ДШД кафедрасының бастығы Мади Абдрахманов.