Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай академиясында 20-дан астам қызметкер марапатталды

20-дан астам адам Тәуелсіздік күні қарсаңында ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін жоғары оқу орнының үздік қызметкерлері мерзімінен бұрын атаққа және ел Президентінің наградаларына ие болды.

Салтанатты шараға Академия басшылығы, ішкі істер органдарының ардагерлері, жеке құрам қатысты.

Қостанай академиясының бастығы Нұрлан Биекенов ҚР ІІМ министрінен құттықтау жеделхатын оқып берді. Қатысушыларды мерекемен құттықтай отырып, Н.Биекенов полиция қызметкерлері мен ардагерлерге медальдар, грамоталар мен алғыс хаттар табыс етті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл” мерейтойлық медалімен ІІО-да әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасының бастығы полиция полковнигі Нурлан Тулкинбаев, кадр саясаты бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Руслан Аужанов, қылмыстық құқық және жазаны орындауды ұйымдастыру кафедрасының аға оқытушысы полиция капитаны Аманат Мұрат марапатталды.

ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен қызметтік борышын адал атқарғаны үшін қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы Серік Едіресовке мерзімінен бұрын “полиция полковнигі” арнаулы атағы берілді. Сондай-ақ, “полиция майоры” атағына қылмыстық құқық және жазаны орындауды ұйымдастыру кафедрасының аға оқытушысы Аманат Мұрат ие болды.

Салтанатты рәсім соңында ішкі істер органдарының ардагерлеріне құрмет көрсетті. Сергей Калашников, Сағынтай Жасубиев, Нұрлан Қабдрахметов, Вячеслав Пряхин, Борис Болотских, Жәнібек Байназаров “КСРО ІІМ мінсіз қызметі үшін 20 жыл” медалімен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру