Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының Полиция департаментінде сенім телефоны жұмыс істейді

Ақмола облысының Полиция департаментінде сенім телефоны жұмыс істейді, – деп хабарлайды Polisia.kz.Ішкі істер органдары қызметкерлерінің тарапынан қылмыстық құқық бұзушылықтар және заңдылық пен тәртіпті өзге де бұзушылықтар туралы азаматтардың арыздарына, ұсыныстарына, шағымдарына, хабарламаларына уақытында ден қою үшін полицияның халықпен өзара іс-қимылын жақсарту мақсатында Ақмола облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасында сенім телефоны жұмыс істейді.

Полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне тап болған азаматтар 25-03-60 телефонына хабарласа алады немесе 8-778-198-23-29 нөміріне WhatsАрр мессенджері арқылы жаза алады.

Сенім телефоны ұзақ уақыт бойы жұмыс істейді және тәртіпті бұзудың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша пәрменді шаралардың бірі болып саналады. Сенім телефонына келіп түскен барлық өтініштер арнайы журналда тіркеледі. Бұдан әрі тиісті қызметтер қызметтік тексерулер жүргізеді.

Жылдың басынан бастап ӨҚБ сенім телефонына азаматтардан 85 өтініш келіп түсті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру