Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық зейнеткер полиция қызметкерлеріне алғыс айтты

Ақмолалық зейнеткер полиция қызметкерлеріне алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 желтоқсанда Қосшы қаласының полиция бөліміне Целиноград ауданы Тайтөбе кентінің 67 жастағы тұрғыны жүгінді. Ер адам 12 желтоқсанда интернет-хабарландыру сайтында жеңіл көлікке арналған тіркеме сатушымен хабарласқанын айтты.

Барлық егжей-тегжейін талқылай келе, “сатушы” қарт адамды оған 90 мың теңге сомасында алдын ала төлем жасауға көндірген. Ақша қаражатын алғаннан кейін “сатушы” ұялы телефонды өшіріп, өтініш берушімен байланысқа шығуды тоқтатты.

Күдіктінің жеке басы анықталғаннан кейін өтініш беруші бейнехабарлама жазып, онда Қосшы қаласының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлеріне күдіктіні жедел анықтағаны үшін алғыс айтты. Алаяқ жәбірленушіге тиесілі ақшаны қайтарып берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру