Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ реформасы қоғамдық қауіпсіздікті күшейтеді

ІІМ реформасы қоғамдық қауіпсіздікті күшейтеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті, азаматтардың тыныштығы мен халықтың қылмыстық сипаттағы қауіп-қатерлерден қорғалуын қамтамасыз ету – полицияның негізгі міндеті, – деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ведомствоның алқа отырысында.

Полицияның көшелердегі құқықтық тәртіпті нығайту, отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмысы күшейтілетін болады.

Министр жасөспірімдер қылмысының, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың алдын алуға ерекше назар аударды.

Қоғамдық тәртіпті сақтау және “жұртқа жақын полиция” қағидатын қамтамасыз ету үшін көшелерде, тұрғын үйлердің аулаларында, саябақтарда, скверлерде қызмет атқару тәртібі қайта қаралатын болады.

Полиция нарядтарының тәулік бойы кезекшілігіне және азаматтарды қабылдауға арналған жаңа үлгідегі стационарлық полиция бекеттерін орнату жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру